«Британиялық» штамм Оңтүстік Кореядан да табылды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 жаңа штаммы Оңтүстік Кореяға ұшып келген 3 адамнан анықталды  

Фото: ашық дереккөзден

Корея ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) хабарлауынша, COVID-19 вирусының жаңа штаммы Ұлыбританиядан Сеулге ұшып келген үш адамнан анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Желтоқсан айының ортасында Ұлыбританиядан табылған SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы әдеттегіден 70% жұқпалы болуы мүмкін.

Коронавирустың бұл түрі осы күнге дейін 8 елде табылып отыр. Бірқатар мемлекеттер Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Оңтүстік Корея Біріккен Корольдікпен рейстерді 23 желтоқсаннан бастап тоқтатты және сол жерден келген барлық науқастардан алынған сынамаларға генетикалық талдау жүргізді.

«22 желтоқсанда Ұлыбританиядан келген үш адамның материалына генетикалық талдау жасау кезінде британдық коронавирус түрі анықталды. Олар Лондон тұрғындары, бір отбасы мүшелері. Қазіргі уақытта науқастар карантинде», - деді KDCA.

Сондай-ақ, қазір Ұлыбританиядан келген төрт адамнан тұратын тағы бір отбасының биологиялық материалы тексеріліп жатыр, оларда коронавирус анықталды.

Оңтүстік Кореяда тәулігіне 808 жаңа науқас тіркелді, барлығы 57 680 адам вирус жұқтырған.