Өткен тәулікте 150 адам пневмонияға шалдықты, 1 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде коронавирус инфекциясынан 22 605 адам емделіп жатыр

 

© REUTERS

27 желтоқсандағы мәлімет бойынша 22 605 адам коронавирус инфекциясынан (10 456 КВИ+ және 12 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 040 пациент стационарда, 17 565 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 247 адамның жағдайы ауыр;
• 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты өткен тәулікте 150 жағдай тіркелді.

«Өкінішке қарай, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 107 адам жазылып шыққан», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 45 415, өлім жағдайлары – 490 болды, барлығы 32 776 адам сауығып шықты.