Ресей әлем бойынша 4-орында тұр
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Ресей коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша әлемдегі төртінші мемлекет болды. Алғашқы үштікте - АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр. Ресейде бір тәулікте анықталған жаңа жағдайлар саны 29 258-ге артып, барлығы 3 021 964-ке жетті», - деп жазылған ақпаратта.
Осы уақытта ем қабылдап жатқан науқастардың саны – 541 299. Қауіпті індеттен 54 226 адам қайтыс болды.