Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін «қызыл» аймақта тек Атырау облысы тұрған еді

Фото: ашық дереккөзден

26 желтоқсанда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта төрт өңір тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қызыл» аймақта бұрынғысынша Атырау облысы қалып отыр. Сонымен бірге, бүгін «қызыл» аймаққа Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары енді.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.