$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2020, 16:56
Жаңалықтар

Қарағанды облысында 184 оқушы коронавирус жұқтырған

Оқу жылы басталғалы бері 237 білім беру нысаны тексеріліп, 28 заңбұзушылық анықталды

Қарағанды облысында 184 оқушы коронавирус жұқтырған

Оқу жылының басынан бері Қарағанды облысында оқушылар арасында COVID-19 зертханалық расталған 184 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Оның ішінде 107–і күндізгі режимде, 77-сі қашықтықтан оқытылды.

«Бүгінгі таңда 5 мектеп қашықтықтан оқытуға көшірілді. Бұл Ақтоғай ауданында – 1, Бұқар Жырау ауданында – 2, Теміртау қаласында – 2 мектеп.

Оқу жылының басынан бері мониторингтік топтар 237 білім беру нысанын тексеріп, 28 заңбұзушылықты анықтады.

Мектептерде анықталған заңбұзушылықтар арасында: 

- ең үлкен үлес салмағын маска режимін бұзу құрады;
- таңертеңгі сүзгі жүргізілмейді, дымқыл тазалау сапасыз жүргізіледі;
- дезқұралдар, антисептиктер жеткіліксіз және пайдаланылған маскаларға арналған ыдыстар жоқ;
- қашықтық белгілері жоқ, парталар арасындағы арақашықтық сақталмайды, сабақтар арасындағы аралық қысқарады.

Серіктес жаңалықтары