Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 90%-да ПТР-анықтама болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан бүрын келген 330 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
 

Фото: astana.gov.kz

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Австрия, Египет, Түркия, БАӘ, ҚХР, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Елімізге келген 2 285 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 079 адам, анықтамасыз 206 қазақстандық азамат келді.

Олардың ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 114 жолаушы, анықтамамен - 1 020; анықтамасыз - 94;
- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 978 жолаушы, анықтамамен - 866, анықтамасыз - 112;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 153 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Ал 24 желтоқсанда анықтамасыз келген барлық 330 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен болатын.