$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2020, 11:23
Жаңалықтар

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан барлығы 489 өлім жағдайы тіркелді

Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 160 жағдайы анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады

«Сондай-ақ 3 өлім жағдайы тіркелді. 73 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.

1 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша: ауырғандар саны – 45265 адам. Барлығы 489 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 32669-ға жетті.

Сонымен қатар, 26 желтоқсандағы мәлімет бойынша 23 627 адам короновирус инфекциясынан (11 604 КВИ+ және 12 023 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 738 пациент стационарда, 18 889 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 243 адамның жағдайы ауыр;
• 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары