Күннің күрт суытуына байланысты синоптиктер дауылды ескерту жариялады
Қазақстанның бірқатар өңірінде күннің күрт суытуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы тәуліктерде Ақтөбе, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне қою тұман түседі.
Ал елдің солтүстік өңірлерінде қатты аяз болады деп болжам жасалды. Түнгі уақыттарда термометр бағамы -30-33 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Ал Түркістан облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, оның соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.