Пандемия басталғалы елде 70 900 адам қайтыс болды
Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 2 009 317 адамды құрады. Өткен тәулікте елде COVID-19 вирусының 18 040 жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы 24 сағат ішінде вирус жұқтырған 505 адам қайтыс болды. Ал пандемия басталғалы бері елде барлығы 70,9 мың науқас көз жұмған.
Жалпы, бұл елде коронавирустан 1 344 785 адам жазылып шықты.