Адамдардың хабар-ошарсыз кетуінің екі себебі бар
Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары биыл із-түзсіз жоғалған 67 адамды тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Адамдардың хабар-ошарсыз кетуінің екі себебі бар. Ең біріншісі – маскүнемдік. Тағы бір жиі кездесетін сценарий – адамдар жақындарын ескертпей, табыс табуға кетеді. Бұл – жауапсыздық. Оны ата-анасы, туған-туыстары іздеп, алаңдайтынына мән бермейді», - дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.
Айта кету керек, 11 айдың ішінде СҚО-да хабар-ошарсыз кеткен 90 адам іздестірілді. Оның 67-сінің жүрген жері анықталды.