Карантин талабын сақтамаған тағы бір мейрамхана жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мейрамхана 200 адамға отбасылық іс-шара өткізген

Фото: баспасөз қызметінен

COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша қабылданған шектеу шараларына қарамастан, өңірлерде эпидемиологиялық ахуалды карантин талаптарын өрескел бұзушылар ауырлатуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Мысалы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Солнечный» мейрамханасы санитариялық талаптарды бірнеше рет бұзғаны, оның ішінде 200 адамға отбасылық іс-шара өткізгені анықталды.

«Анықталған алғашқы 4 факт бойынша мейрамхана әкімшілеріне төрт рет жалпы сомасы 166 680 теңгеге айыппұл салынды. Содан кейін банкет өткізгені үшін мейрамхана иесіне 319 470 теңге айыппұл салынған. Карантин талаптарын өрескел бұзғаны үшін, сот шешімімен мейрамхана қызметі 2 айға тоқтатылып, 277 800 теңге айыппұл салынған», - делінген хабарламада.