Петропавлда мектептен шығып, адасып кеткен 2 бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 6 және 7 жаста

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда мектептен шығып, адасып кеткен екі бала табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Петропавл қаласының тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, екі ұлының жоғалғанын айтқан. 6 және 7 жастағы екі бүлдіршін анасының келуін күтпей, мектептен шығып кеткен. Жоғалған балаларды іздеуге полицейлерден басқа оқушылардың мұғалімі де аттанды. Көп ұзамай бүлдіршіндер жеке сектордан табылды», - деп жазылған хабарламада.