Елімізде коронавируспен ауырып жатқан 47 адамның жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерттен барлығы 24 мыңнан астам адам емделіп жатыр

Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмониядан емделіп жатқандардың саны 24 126-ға жетті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауру жұқтырғандардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 231 адамның жағдайы ауыр;
  • 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 754 адамнан коронавирус ПТР-тесті арқылы анықталды.