Nur otan партиясы Ақтаудағы «Қошқар ата» қоймасының мәселесін шешеді

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған қоймада уран қалдықтары сақталған

Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақтау қаласында орналасқан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» энергетикалық комбинатының ұжымымен кездесті. Ұжыммен партия ұсынған еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі шаралар талқыланды.

Б.Байбек сөз арасында «Nur Otan» партиясының еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін жеңілдету, еңбек заңнамасын бұзушылардың жауапкершілігін қатаңдату бойынша бастамасы қолдау тапқанын жеткізді.

Кездесуде бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Маңғыстау облысы тұрғындары атынан Айболат Шарау өңірдің басты экологиялық проблемасын қозғады. Нақтырақ айтсақ, құрамында уран қалдықтары бар Қошқар Ата қоймасын қалпына келтіру қажеттілігін көтерді. Б.Байбек халық денсаулығына қауіпті қойманың мәселесін шешу өңірлік сайлауалды бағдарламада қамтылғанын айтты.

Партия жалпы өлкеде 25 елдімекеннің 35 мыңға жуық тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 18 жаңа мектеп салу арқылы үш ауысымдық оқу проблемасын шешу, 14 кәсіпорын, 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру және т. б. жоспарлауда.

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді