Түркістан облысында карантин кезінде 600-ге жуық той тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста 263 млн теңге айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында жүргізілген мониторинг нәтижесінде 263 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Айдарқұл Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі.

«Түркістан облысында бүгінгі күнге дейін жалпы 577 отбасылық іс-шара тоқтатылып, әкімшілік айыппұл салынған. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына көңіл бөлгеніңіз абзал. Сондықтан, сақтық шараларын ескерусіз қалдыруға болмайды», - деді Айдарқұл Райымқұлұлы.

Оның айтуынша, облыста 263 млн теңгеден астам айыппұл салынған.