23 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұман, қар, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

23 желтоқсанда республиканың солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейеді. Жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағына жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстікте – көктайғақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20, күндіз - 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі.

Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан облысында – көктайғақ.