Ол мерзімі өтіп кеткен ПТР-анықтамамен келген
21 желтоқсанда Қазақстан аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей және Беларусь елдерінен келген 7 халықаралық әуе рейсімен 799 жолаушы келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 қазақстандық азамат бар. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Анықтамасыз келген қазақстандық азаматтар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесн күтуде.
2020 жылдың 20 желтоқсанында тиісті анықтамасыз келген 363 Қазақстан азаматының арасынан ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.