Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда тұман түсіп, бұрқасын болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

22 желтоқсан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.