Ұжымдық шара коттедждердің бірінде ұйымдастырылған
Семейде коттеджде жаңажылдық корпоратив өткізгендер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
«Семейде кезекті рейд барысында карантин талаптарының бұзулы фактісі тіркелді. Бүгін түс кезінде бекітілген шектеулерге қарамастан қаладағы коттедждердің бірінде ұжымдық шара ұйымдастырылған. Құқық қорғау органдары ереже бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 425 бабы бойынша материалдарды жинақтап, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберді», - делінген ақпаратта.