Бұл облыстарда қар жауып, бұрқасын болады
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын болады.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерде бұрқасын болады, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, тұман күтіледі.