Жансая Әбдімәлік шахматтан кезекті рет Қазақстан чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Шахматтан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

 
Фото: Жансая Әбдімәліктің Инстаграм-парақшасынан

18 желтоқсанда шахматтан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының соңғы, 9-туры өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

9-тур нәтижелері:

Әмина Қайырбекова – Гүлісхан Нахбаева 1:0

Алуа Нұрманова – Әсел Серікбай 0,5:0,5

Гүлмира Дәулетова – Меруерт Камалиденова 1:0

Ксения Балабаева – Лия Кұрманғалиева 0,5:0,5

Жансая Әбдімәлік – Лаура Әбділдаева 1:0.

Турнир қорытындысы бойынша 9 турда жеті ұпай жинаған Жансая чемпион атанды. Гүлісхан Нахбаева - екінші орында (6,5 ұпай). Жүлдегерлер үштігіне Әмина Қайырбекова да (5 ұпай) кірді.