Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мойынқұм ауданында болды
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Nur Otan» партиясынан облыстық маслихат депутаттығына үміткер Қайрат Жетібаев «Мұхтар» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесіп, оларды ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгедегі мәслихаттар сайлауына қатысуға шақырып, партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Nur Otan партиясы жаңа прогрессивті технологияларды енгізуді тиімді пайдалану, өндірістерді заманауи техникамен, цифрлық технологиялармен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға, 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейтуге, мал басының 110 мыңға және құстың 102 мың басқа өсуі есебінен өнім шығаруды ұлғайтуға. Шу ауданында 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға, сыртқы өткізу нарықтарын дамытуға, өндірілетін сүтті қайта өңдеуді 85 пайызға дейін, етті 60 пайызға дейін ұлғайтуға, 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыру арқылы тартуға, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізуге, әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға ықпал етеді», - деді Қайрат Жетібаев.
Оның айтуынша, ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау есебінен 385-тен астам жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлердің саны 225 бірлікке және өндіріс көлемі 807,2 миллион теңгеге артады.
Нәтижесінде ауылдағы әрібір ауладағы кіріс 2020 жылы 104 мың теңгеден 2025 жылы 209,1 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 33,9 пайызға артады.
Кездесу соңында шаруа қожалықтың жұмысшылары өздерін алаңдататын сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.