18 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Жұма күні Қазақстанның кей жерлерінде қар жауады
18 желтоқсан күні Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында қар жауады. Қазақстанның қалған аумағы күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, күшейеді, солтүстігінде – жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болып, жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күші15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ болады.
Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.