Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың сегіз облысында тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің сегіз облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 желтоқсан, яғни жұма күні Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында дауыл ықтималдығы — 90-95%, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында — 85-90%, Қарағанды облысында 70-75% пайыз болады.  

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ сақталады, кей аумақта тұман болуы мүмкін. Ақтау қаласында 18 желтоқсан күні түнде және таңертең көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Петропавл қаласында 18 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, әлсіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында 18 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.