Шымкент: нұротандық үміткерлер «Бадам 2» тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Марат Сейтов, Қуандық Сұлтанғали және Жасмин Ашимова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Еңбекші ауданына қарасты «Бадам 2» елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Қазіргі таңда бұл аймақта 354 үй, 2000-ға жуық тұрғын бар. Осындағы халықтың сөзінше, өңір меценаттарының және тұрғындардың қолға алуымен жаңа көпір бой көтеріпті.

Кездесу барысында жергілікті жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды. Өз кезегінде, елдімекен тұрғындары өздерінің көкейде жүрген сауалдарын да жолдады. Олар сапасыз интернетке, ескірген көпірге, ішкі жолдардың тозғанына шағым айтып, салық пен несие мәселесін көтерді. Партиялықтар бұл проблеманың бәрі қарауға алынып, алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.