15 желтоқсанда пневмониядан 158 адам жазылып шыққан
Өткен бір тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 181 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ 15 желтоқсанда коронавирустық пневмониядан 158 адам жазылып шыққан.
1 тамыздан бастап барлығы 44 155 адам ауырған, 466 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны – 31767.