16.12.2020, 10:08
Жаңалықтар
COVID-19 жұқтырған 38 науқас аса ауыр халде жатыр
46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 251 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 358 КВИ+ және 11 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 163 пациент стационарда, 21 117 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында: 251 адамның жағдайы ауыр, 38 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды