Министр Аида Балаева медиа саласының мамандарын Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде медиа саласының және азаматтық қоғамның өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Министр Аида Балаева әріптестерді Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, қалтқысыз қызметтері үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева келесі мемлекеттік наградаларды табыс етті:
«Құрмет» ордені – Абуова Қаламқас Әскерқызы - «Халықаралық «Казинформ» ақпараттық агенттігі» АҚ бас директорының кеңесшісі;
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Миронюк Татьяна Александровна - «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры; Қожаев Шалқар Мұқашұлы - «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы.
Сонымен қатар, министр еңбегімен ерекшеленген Министрліктің бірқатар қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.