Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

475 жолаушының ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті

13 желтоқсанда Қазақстан аумағына тиісті анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушы ПТР тестілеуден өтіп, нәтижесінде олардың алтауынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Ыстамбұл – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Нұр-Сұлтанға Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген.

475 жолаушының ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.

Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 734 жолаушы келген. 2 253 адамда ПТР-тесттің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 481 адам анықтамасыз келген. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары.