$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 11:26
Жаңалықтар

«Салауатты өмір, қолжетімді білім»: БҚО-да нұротандық үміткерлер жұмысшылармен кездесті

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

«Салауатты өмір, қолжетімді білім»: БҚО-да нұротандық үміткерлер жұмысшылармен кездесті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер А.Агаев, А.Мукангалиева, Р.Азаматов, И.Карабаев, И.Сатимов «Северный» БПҰ мүшелерімен кездесті.

Олар осыған дейінгі партия жетістігін, ел мүддесі үшін жасалған жұмыстарды тізбектей келе, өздерінің де ел алдында жасаған және алдағы уақытта іске асырмақ жоспарларымен бөлісті.

А.Агаев партияның алдағы жоспарларына кеңірек тоқталып, сапалы жол және құрылыс мәселелерін басты назарға ұстайтынын айтса, Исатай Карабаев сайлаудың маңыздылығы жөнінде тоқталып, осы кезге дейін партияның ел мүддесі үшін жасалған игі істеріне, ел дамуындағы үлесі жөнінде мысалдар келтіре отырып тоқталды.

«Спорт – денсаулық кепілі. Қай-қайсымыз да бейбіт елде бақытты ғұмыр кешуіміз үшін алдымен, мықты денсаулықтың болуы керек екенін, өмірге әкелген әр ұрпағымыздың да денінің сау болуын басты назарға ұстайық. Сол мақсатта мен үміткер ретінде депутаттар қатарындамын. Алдағы уақытта өз саламды халыққа одан әрі пайдалы болу үшін қызмет ете беремін», - деді И.Карабаев.

Руслан Азаматов әр жылдың өзіндік қалдыратын тарихи сәтінің болатынын, алдағы болатын осы сайлаудың да алар орнының зор екеніне тоқталды.

«Осы кезге дейін оң өзгерістер әкелген партия құрамына үміткер болғаным мен үшін үлкен жауапты іс. Бүгінгі таңда жастармен тікелей жұмыс істеп жүргендіктен, келешекте де елдің болашағы жастар үшін еш аянып қалмаймын. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін, бизнес ашу т.б бағыттар бойынша жастармен бірлесе отырып жұмыс істейтін боламын», - деді үміткер Руслан Нұрболатұлы.

Айнұр Мукангалиева да өз сөзінде елдің қарқынды дамыған тұстарын айта келіп, дені сау ұрпақтың еркін білім алуына үлес қосуына баса күш салатынын айтты. Исатай Сатимов болса партияның жетістіктеріне тізбеледі.

«Бүгінде өркениетті елдермен иық тіресе жүре алуымызға бірден-бір үлес қосушы осы Nur Otan партиясы екенін айта кеткен жөн. Экономикамыз дамып, балаларымыз қалаған бағытта білім алып, бейбіт өмірде ғұмыр кешудеміз. Осының басы-қасында Nur Otan партиясы жүрді. Сондықтан, баршамыз ел үшін дауыс берейік» деп сөзін түйіндеді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Nur Otan #сайлау #БҚО