«Nur Otan»: Ақтауда ашық диалог форматында «ҚазҒЗЖИ» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Аймақта сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтауда Маңғыстау облыстық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында «ҚазҒЗЖИ» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында нұротандықтар институт жұмысшыларына үгіт-насихат жүргізіп, алға қойған мақсаттары жайында айтты.

Штаб мүшелері бүгінде азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін атап өтті. Партия әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейді және өзіне сенімді ақтауды міндет етіп қояды. Облыстың әрбір тұрғыны даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерге ие болады.

Өз кезегінде «ҚазҒЗЖИ» АҚ ұжымы мүшелері көптеген сұрақ қойып, әлеуметтік мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты. «Атап айтқанда, «LEPES» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 16-шағынауданында, 63-үйде газбен проблемалар бар, электр энергиясын жиі өшіру бар. Тағы бір мәселе – Ақтау қаласының 28 шағын ауданындағы №17 үйдің алдындағы футбол алаңын бұзу. Енді бос алаң жүргізушілер үшін автотұраққа айналды», - деді олар. Сондай-ақ, қала халқы Ақтаудағы жаяу жүргіншілер өткелінде түнде жарықтың болмауы мәселесін көтерді, бұл адамдарға қауіп төндіреді дейді олар.

«Nur Otan» партиясының облыстық штабының мүшелері осы мәселелер бойынша тиісті органдарға сауал жолданып, нәтижелері жарияланатынын айтты. Бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды деді олар.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.