Бұл облыстарда тұман түседі
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында тұман түседі.
Ақмола облысында да тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.