Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусынан 1,5 миллионнан астам адам көз жұмды

Фото: РИА Новости

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 70 миллионнан асып кетті. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«12 желтоқсандағы жағдай бойынша дүниежүзінде 70 000 538 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың 1,5 миллионнан астамы көз жұмды. 45 миллионнан астам адам қауіпті вирустан емделіп шықты», - делінген Университет мәліметінде.

Еске салсақ, 11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын. Жаңа індет бүкіл әлемге тарап кетті. Ең көп вирус жұқтырғандар саны АҚШ, Үндістан және Бразилия мемлекеттері болды.