Республика бойынша 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызылды
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 926 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«COVID-19 инфекциясынан емделіп жатқандар арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр. 9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - делінген хабарламада.
Жалпы, науқастардың арасында 225 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.
43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.