Тұрғын карантинге қарамастан ққда күткен
Мониторингтік топ Семей қаласының тұрғыны 90 адамды шақырып, құда күткенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Мекеме иесі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бұл дәмхана оның жекеменшігі екенін, туыстарын жай ғана кешкі асқа шақырғанын айтып, оларды кіргізбей қойды. Осылайша, мониторинг топ өкілдері 1 сағат бойы ішке кіре алмаған. Анықталғандай, карантин шектеуіне қарамастан құда күткен тұрғын 90 адам шақырған», - дейді мониторингтік топ өкілдері.