Сонымен қатар Абайдың бюсті ашылды
Бішкекте Абай Құнанбайұлы атындағы Қырғыз-Қазақ мәдениет орталығы мен ұлы ақынның бюсті ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жаңа орталық Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы мен Қырғыз Республикасының А.Осмонов атындағы Ұлттық кітапханасының бастамасымен және Қазақстан елшілігінің тікелей қолдауымен ашылды. Алаңы 420 шаршы метр құрайтын орталық аталған кітапхана ғимаратында орналасқан. Орталық үй-жайында жөндеу-әрлеу жұмыстары жүргізілген, жиһаздар мен кітаптарға арналған сөрелер орнатылған, қабырғалары ұлттық нақышта безендірілген, мәжіліс залы, келіссөздер жүргізу бөлмесі және оқу залы бар», - деп жазылған хабарламада.
Абай бюсті мен ақпараттық стенд Орталықтың негізгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Мүсіннің авторы талантты қырғыз шебері Кубаныч Токторалы уулу.