Тәркіленген заттардың бәрі мемлекет меншігіне өтті
Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Жалпыреспубликалық «Stop-игра» жедел іс-шарасы барысында «Сайрам» тұрғын алабы және «Алаш» базары аумақтарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастырған азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1000 АЕК (2 778 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Тәркіленіп алынған айғақты заттар - 3 телевизор, 24 жүйелі блок, 24 монитор және басқа да құрылғылар мемлекет меншігіне өтті.