Оралда 1 млрд теңгеге салынған мұз айдыны қаңырап тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпкер стадионды мемлекет меншігіне қайтарып бермек

Фото: uralskweek.kz

Оралда құрылысына 1 млрд теңге жұмсалған жасанды мұз айдыны жыл бойы қаңырап бос тұр. Ал айдынды сенімгерлікке алған кәсіпкер шығынға батыпты. Енді ол стадионды мемлекет меншігіне қайтарып бермек. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Мұз айдынына бүкіл елде жоқ тоңазытқыш қойылыпты. Біреу емес, үшеуі бар. Бұл құрылғының көмегімен алаңдағы мұз күн жылынғанда да ерімей тұрады екен. Алайда, ол тоңазытқыштардың қалай жұмыс істейтіні белгісіз. Кәсіпкер мен спорт басқармасы арасындағы келіспеушілік осыдан басталған.

«Енді мына үш аппаратты қосыңыздар десем, олар қоспайды. Сосын біз сотқа дайындалғанбыз. Содан кейін мен мемлекеттік органдарға шықтым. Аппараттарды қашан қосып, қабылдап алам?», - дейді жеке кәсіпкер Абзал Құспан.  

Ол енді, мұз айдынын басқармаға қайтарып бермек. Мұз айдыны кәсіпкерді шығынға әбден батырған. Оның жөндеу жұмыстарына бизнесмен 17 млн теңге жұмсапты.

Тегтер: