Бір күнде карантин тәртібін бұзған 9 мекеме анықталды
Өткен түні Нұр-Сұлтан қаласында мобильді топ 175 кәсіпкерлік субъектісін тексерді. Тексеру барысында карантин тәртібін бұзған 9 мекеме анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Бектұров көшесінде орналасқан «Sabai» спа-салоны карантин ережелеріне қарамастан жұмыс уақытының тәртібін бұзып, түнгі 23:50-де бірнеше әйелді қабылдаған. Клиенттерден бөлек, салонда жұмысшылар, әкімші және мекеменің директоры болған», - деп жазылған хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин ережесіне жауапкершілікпен қарауға және оны сақтамаған жағдайда сот шешімімен мекеменің қызметі тоқтатылуы мүмкін екенін ескертеді.