Лот бойынша байқау 14 желтоқсанда аяқталады
Шымкент қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай дайындықты бастап кетті. Мемлекеттік сатып алулар ресурсында оңтүстіктегі шаһарды эстетикалық безендіруге 35 миллионнан астам теңге жұмсалатыны жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сайттағы ақпарат бойынша, лоттың тапсырыс берушісі – Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Қызметтің атауына қатысты бағанда «Шымкент қаласын 2020 жылға арналған эстетикалық және мерекелік безендіру бойынша қызметтер» деп көрсетілген. Лоттың жалпы құны – 35 265 178 теңге.
Мемлекеттік сатып алу қосымша тапсырыс болғандықтан, оны 2020 жылдың соңына дейін жұмсау жоспарланып отыр. Лот бойынша байқау 14 желтоқсанда аяқталады.