Қазақстанға Мысырдан келген жолаушылардың жартысында ПТР-анықтама болмаған

Автор: Azattyq Rýhy

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарларға орналастырылды

Фото: ашық дереккөзден

9 желтоқсанда Қазақстан аумағына Нидерланд, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1133 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 964 адам, анықтамасыз 169 адам – ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 631 жолаушы, анықтамамен – 602, анықтамасыз – 29;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 397 жолаушы, анықтамамен – 258; анықтамасыз – 139;
  • Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы, анықтамамен – 99; анықтамасыз – 1;
  • Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 54 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, 115 жолаушы карантиндік стационарда тест сынамасының нәтижелерін күтуде.

Мысыр елінен Нұр-Сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.