Ол 38 892 теңге айыппұл төлейді
Атырау қаласының Жастар саябағында 18 жастағы жігіт сүйіктісіне сөз салу кезінде пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық орындағы отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігіне (Арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.
«Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.