Елімізде өткен тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 мыңға жуық адам ем алуда

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 9 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 986 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 231 адамның халі нашар. Соның ішінде 33 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.