Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деп айыпталып отыр
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты «Nur Otan» партиясынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша «Nur Otan» облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросына Аркадий Ниді «Nur Otan» партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынғанын хабарлаймыз», - деп хабарлады Партияның облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Облыстық Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Аркадий Ни «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды.