Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр
Өскемен қаласында жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Өскемен қалалық ПБ сілтеме жасап.
«Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері 5 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Оларды қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы іздеуге кіріскен болатын. Қазір екі қыз да аман-есен табылды», - деп жазылған хабарламада.
Қыздардың бірі үйіне өз еркімен қайтып келді. Одан кейін полиция екінші қызды да тапты. Қазір олармен психолог жұмыс істеп жатыр.