GGG алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 желтоқсанда поляк спортшысы Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді. Ол өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды. Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек пандемияға байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Әу баста сәуір айында өтеді деп жоспарланған еді. 

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Еске салайық, GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.