ШҚО-да аудандық ауруханалар күрделі жөндеуден өтті

Бір ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген

ШҚО-да аудандық ауруханалар күрделі жөндеуден өтті
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша Күршім аудандық орталық ауруханасы мен Марқакөл ауылдық ауруханасының ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.

«Сондай-ақ, Күршім ауданының перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 43 бірлік жабдық сатып алынды. Бұл ретте аудандық аурухананың мамандары үшін жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігі де қарастырылған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта Марқакөл ауылдық ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.