Антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияланған коронавирус анықталды
Антиденелердің барлық жиынтығына қарсы тұратын мутация Нидерланды мен Данияда табылған
Ғалымдар коронавирустың антиденелерге қарсы тұра алатын мутацияға ұшыраған жаңа түрін анықтады. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Фред Хатчинсон атындағы онкологиялық зерттеулер орталығының мамандары індетпен күресу мақсатында дайындалған антиденелерден жалтара алатын SARS-CoV-2 мутациясын анықтаған. Тәжірибе ретінде ғалымдар карта жасап, оған науқастарға мамандандырылған терапия аясында берілетін үш моноклоналды антиденелердің өзара байланысуына жол бермейтін COVID-19 мутациясының барлық мүмкін болған түрлері енгізілген. Осы мутациялардың бірі – антиденелердің бүкіл «коктейлінен» жалтарса, басқалары үш антидененің біреуінен селективті түрде жалтара алады», - деп жазылған хабарламада.
Ғалымдар бұл өзгерістердің кейбіреулері COVID-19 жұқтырғандарда кең таралғанын және антиденелердің барлық жиынтығына қарсы тұратын мутация Нидерланды мен Данияда табылғанын атап өтті.