$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2020, 15:42
Жаңалықтар

Байланыс операторы қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлама таратты

Олардың айтуынша, қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға көмектеседі

Байланыс операторы қауіпсіздік сертификатын орнату туралы хабарлама таратты
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Kcell және аctiv байланыс желілері абоненттеріне интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттілігі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дербес және есептік деректердің, сондай-ақ қазақстандықтардың банктік шоттарынан ақшаның ұрлану жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және түрлі киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы болатын қауіпсіздік сертификатын енгізді. Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге «Кселл» АҚ байланыс операторы Қауіпсіздік сертификатын орнату интернетке кіретін әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы тиіс екенін жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары