6 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні республиканың кей жерлерінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

6 желтоқсан күні республиканың кей жерлерінде қар жауады. Республикасының батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, желдін күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Түркістан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін аяз болады.